{metadescription}
Петропавлдағы қоқыс полигонында 7 мигрант заңсыз жұмыс істеп келген

Петропавлдағы қоқыс полигонында 7 мигрант заңсыз жұмыс істеп келген

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлерінен бөлек, іс-шараға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, жедел уәкілдер жұмылдырылды.

Рейд барысында базарлар, құрылыс алаңдары, фермалар мен шетелдіктердің заңсыз еңбек күші пайдаланылуы мүмкін басқа да орындар тексеріліп жатыр, деп жазады kazinform.

Мәселен Петропавл маңындағы полигонда қатты қоқыс қалдықтарын қайта пайдалану үшін бөлумен айналысып жүрген Тәжікстан елінің 7 азаматы анықталды. Оларда еш рұқсат құжат болмаған. Шетелдіктердің айтуынша, рұқсат құжаттарын кейін ресімдеуді жоспарлаған. Жиналған материал әкімшілік сотқа жіберілді. Заң бұзушылар енді айыппұл төлеуі мүмкін.

«Заңды түрде жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органның еңбекпен айналысуға рұқсат беретін құжаттарын уақытылы ресімдеу қажет. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материал жиналуда», – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде тәртіп сақшылары шетелдіктердің тарапынан болған көші-қон заңнамасын бұзудың 23 дерегін анықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.