Алматылық құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады
Алматыда 13 наурыз күні ауа температурасы күндіз +0,+2 градус, түнгі уақытта -0,-2 градус болады деп күтіледі.
14:40 13.03.2024
Қазгидрометтің мәліметі бойынша күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Сотлтүстік-шығыстан екпіні секундына 3 метр жел соғады. Осыған байланысты Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің sms-хабарламаларын, БАҚ-қа жарияланған ақпаратты назардан тыс қалдырмауға шақырды.
«Жауын-шашын туралы ескертулерге сәйкес, көлік жүргізушілерге ағаштардың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес береміз», - деп ескертті ТЖД-да.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!