{metadescription}
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Алматы халықаралық әуежайында жаңбыр мен қардың салдарынан бірнеше рейс кешігіп жатыр.

Әуежайдың онлайн-таблосына шыққан мәлімет бойынша Алматыдан Өскеменге, Петропавлға, Астанаға, Семейге ұшатын рейстер, сондай-ақ Астана, Шымкент және Ақтаудан келетін рейстер кешігіп жатыр, деп жазады kazinform.

Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша Алматы халықаралық әуежайында жерүсті қызмет көрсету қызметтері қалыпты режимде жұмыс  істеп тұр. 

«Ауа-райына байланысты рейстердің кешігуі байқалмайды. Дегенмен, кейбір рейстердің кешігуіне байланысты сұрақтар бойынша тікелей әуе компаниясына хабарласуыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде