Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар
Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Фото: istockphoto.com
19:02 13.03.2024
Соның аясында биылғы 1 наурыздан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен келісімшарт жасалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне күн сайын қар жамылғысының ғарыштық мониторингінен суреттер келіп түседі.
Сонымен қатар, облыстың 6 ауданындағы (Жангелдин, Науырзым, Әулиекөл, Қарасу, Қамысты аудандары және Б. Майлин ауданы) 16 учаскеде жарылыс жұмыстарын жүргізуге келісім жасалды. Ол наурыздың үшінші онкүндігіне жоспарланған.
Қостанай облысында су басуы мүмкін барлығы 89 елді мекен бар. Соңғы жылдары жүргізілген инженерлік-техникалық жұмыстардың қорытындысы бойынша бес елді мекенде ықтимал су басу қаупі жойылып, 48-де барынша азайтылды.
Бұған дейін белгілі болғандай, Қостанайда су тасқыны кезінде аса қауіпті аймақтарда тәулік бойы жұмыс істейтін гидро бекеттері жұмыс істейді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram