Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Прокурорлар 220 шетелдік инвестордың проблемасын шешті
Прокурорлар 220 шетелдік инвесторды проблемасын шешті.
Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы
12:43 14.03.2024
Бұл туралы Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Ризат Смағұлов айтты.
«Бүгінгі таңда біз 220 инвестордың, оның ішінде Түркия, БАӘ, Германия, Сингапур, Қытай, Ресей және Франциядан келген шетелдік инвесторлардың мәселелерін шешуге көмектестік. Олардың Қазақстан экономикасына қосқан үлесі - 2,7 трлн теңге», - деді ол.
Мәселен, оның дерегінше, Ақмола облысында испандық инвестор 3 жыл бойы жер ала алмай, нарықтан кетіп қала жаздады, деп жазады kazinform.
«Біздің қоғамдық тыңдау кезеңінен бастап жер учаскесін беруге дейінгі сүйемелдеуіміздің арқасында құны 63 млрд теңге болатын жоба сақталып қалды. Алматыдағы Индустриалды аймақта 26 инвестор Энергетика басқармасы келіспегендіктен бір жарым жылдан астам газбен жабдықтауға қосыла алмады.
Негіздер формальді болды – кәсіпкерлер қосылуы тиіс газ құбыры әкімдіктен пайдаланушы болып табылатын Қазтрансгазаймаққа берілмеген. Алайда, әкімдікте меншік иесі ретінде қосылуға өз бетінше келісім беру мүмкіндігі болған. Инвестордың мәселесі прокуратура қадағалау актісін енгізгеннен кейін ғана шешілді, кінәлі адам жазаланды», - деді ол.
Ризат Смағұловтың мәліметінше, Абай облысында 2021 жылы сингапурлық инвестор «Қазақцемент» зауытын 7 млрд теңгеге сатып алған. Кәсіпорын қиын жағдайда болғандықтан инвестор бұл жобаға қосымша 17 млрд теңге инвестиция салған. Алайда 2 жылдан кейін «Қазақцемент» 19 млн теңге қарыз болған жеке кәсіпкердің талап-арызы бойынша мәміле жарамсыз деп танылды.
Бұл зауыттың жұмысын тоқтатып, инвестордың кетуіне әкелуші еді. Прокуратураның өтініш хаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот цемент зауытын сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойды. Соның арқасында сингапурлық инвестор 25 млрд теңге салған өндірісті сақтап қалды. Ал Павлодарда әкімдік облыс орталығының бас жоспары өзгеруіне байланысты сүт өнімдерін өндіретін зауытты толығымен қала шетіне көшіруді заңсыз талап еткен француздық инвестор Лакталистің проблемасы шешілді. Осы уақытқа кәсіпкер зауытқа 1,5 млрд теңге салған.
«Мұндай фактілер Қазақстанның имиджі мен беделіне нұқсан келтіреді. Бұл жағымсыз мысалдардың бір бөлігі ғана. Жалпы, аталып өткен жаңа функция аясында прокурорлар лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға бере отырып, инвестициялық процестерді белсенді зерттейді», - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram