Министрлік МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салу ұсынысынан бас тартты
Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салу тек ұсынысынан бас тартты.
Фото: uralskweek.kz
15:00 14.03.2024
Бұл туралы аталған ведомствоның бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.
«Бұл мәселе қазір күн тәртібінде тұрған жоқ. Қазіргі кезде халықты медициналық сақтандыру жүйесіне тартудың басқа тетіктерін қарастырып жатырмыз. Оның ішінде әкімдіктер арқылы іске асырылмақ. Ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарына назар аударылған», - деді Т.Сұлтанғазиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!