{metadescription}
2030 жылға дейін 15 млрд долларға жаңа жолдар салынады

2030 жылға дейін 15 млрд долларға жаңа жолдар салынады

2030 жылға дейін еліміздің аумағында 4,7 мың шақырым жаңа жол салынады.

Бұл туралы Көлік министрлігінен мәлім етті.

«Көлік-транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында 2024-2030 жылдары кезеңінде жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым болатын жаңа жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруды бастау жоспарланған. Жобалардың болжамды құны 15 млрд долларды құрайды және 3 кезеңде іске асырылатын болады», - деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, бірінші кезеңде жобаларды іске асыруды 2024 жылдан бастау көзделген. Онда мына жолдардың құрылысы басталады:

- Қызылорда-Жезқазған (208 шақырым) (Ұлытау облысы бойынша учаске);

- Ақтөбе-Қызылорда (742 шақырым) (Ақтөбе-Ұлғайсын – 262 шақырым, Қызылорда-Сексеуіл - 480 шақырым учаскелері);

- Қарағанды-Жезқазған (513 шақырым);

- Сарыағаш қаласын айналып өту (102 шақырым);

Екінші кезеңде 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңде құрылыс-монтаждау жұмыстарын мына учаскелерде бастау жоспарланған:

- Атырау-Доссор (86 шақырым);

- Астана-Қостанай-РФ шекарасы (830 шақырым);

- Атырау-Орал (320 шақырым) (Атырау-Индер, Орал-Чапаево учаскелері);

- Түркістан қаласын айналып өту (30 шақырым).

Үшінші кезең 2026 жылдан кейін ұзындығы 1 434 шақырым қалған жобаларды жаңғыртуды көздейді.

«Қаржыландыру тапшылығын ескере отырып, қозғалыс қарқындылығы төмен жекелеген жобалар бойынша құрылымды күшейте отырып және 4 жолаққа дейін (Павлодар-Успенка, Семей-Барнаул - 265 шақырым) кеңейту мүмкіндігімен жөндеу жүргізу ұсынылады», - деді Көлік министрлігінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде