{metadescription}
Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 31 341-ге жетті

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 31 341-ге жетті

ХАМАС бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні Израильдің үздіксіз шабуылдары нәтижесінде Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 31 341-ге жеткенін хабарлады.

Мәлімдемеде Израиль армиясының соңғы 24 сағатта 69 палестиналықты өлтіріп, 110-ын жаралағаны, Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғаннан бері жалпы қаза болғандар саны — 31 341, жаралылар саны 72 023-ке жеткені атап көрсетілді.

Ведомствоның хабарлауынша, қарқынды бомбалау және азаматтық қорғаныс пен жедел жәрдем бригадаларының жетіспеуінен адамдар әлі де үйінді астында қалып отыр.

Израиль 2023 жылдың 7 қазанында 1200-ге жуық адамды өлтіріп, 200-ден астам адамды кепілге алған ХАМАС-қа қарсы ауқымды шабуыл жасады.

Дереккөз: kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде