Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Алматы әуежайында кешеден бері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр.
Фото: Алихан Сариев
11:52 15.03.2024
Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай тұрақталғаннан кейін әуе кемелеріне көктайғаққа қарсы кезекпен қызмет көрсетуді жандандырды.
Жұмысқа барлық арнайы техника мен күшейтілген ауысымдық жеке құрам жұмылдырылды.
«Бірінші кезекпен кешіктірілген рейстерге қызмет көрсетілгендіктен, ұшып келген ұшақтар тұрақ орындарының босағанын күтіп тұрды. Сондай-ақ, жұмысқа барлық жолаушылар баспалдақтары іске қосылған. Баспалдақтардың жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram