Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы барахолкасы бойында «Сергек» камералары пайда болады
Алматыда барахолка жолына наурыздың аяғына дейін «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылады. Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді.
Фото: Пресс-служба Sergek Group
12:19 15.03.2024
Аудан тұрғындары шаһар басшысынан Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Олардың айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.
«Биыл Алатау ауданында барлығы 37 «Сергек» камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын», - деді Ерболат Досаев.
2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram