{metadescription}
4 облыстың 7 жол бөлігінде қозғалыс шектелді

4 облыстың 7 жол бөлігінде қозғалыс шектелді

15 наурыз сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

Бспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ақмола облысында - жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел).

1. «Екатеринбург-Алматы» Жібек Жолы ААП - Қарағанды обл.шекарасы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін)

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 556 шақырымды құрайтын 4 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)

1. «Қызылорда-Павлодар» Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы

2. «Екатеринбург-Алматы» Алматы обл.шекарасы- Теміртау ААП

3. «⁠Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарағанды - Қарқаралы қалалары

4. ⁠ «Қызылорда-Павлодар» Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы ⁠(қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)

Павлодар облысында - жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол. (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы. (Қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында - жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол. (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда-Павлодар» - Атасу ауылы - Қарағанды облысының шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін)

«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 611 бірлік техника және 1250 жолшы жұмылдырылған», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.