ШҚО-дағы Бұқтырма өзенінде жарылыс жасалды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінде жарылыс жасалып, мұз ұсақталды.
Фото: ШҚО ТЖД
12:37 16.03.2024
Алтай ауданында мұз жарылды. Аталған жұмысты жергілікті атқарушы органдар, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен мамандандырылған ұйым қызметкерлері жүргізді. Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы 74 см болған.
«Мұз кептелуі жағалауларды су басуына әкелуі мүмкін. Бұған жол бермес мақсатында жару жұмыстары жүргізіліп, мұз ұсақталады. Зубовск кентінің ауданындағы өзенде су тасқыны қаупі бар учаске пысықталды. Ұсақталған мұздың жалпы ауданы – 16 000 шаршы метр», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары