{metadescription}
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Бүгін, 16 наурызда "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 733-шақырымында жеңіл және жүк көліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota маркалы автомобиль жүргізушісі жылдамдықты асырып, Shacman маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуін Мұнайшы ауылының медициналық мекемесіне түрлі жарақаттармен жеткізді. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ұжымы қаза болған азаматтардың жақындарына қайғыра көңіл айтты.

"Барлық автокөлік жүргізушілерден аса мұқият болуды және жол ережелерін қатаң ұстануды сұраймыз!", -делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде