Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде аялдамадан адам мәйіті табылды
Өскемен қаласында жылы аялдама павильонынан адам мәйіті табылды.
15:34 18.03.2024
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына қаладағы Назарбаев даңғылында орналасқан жылы аялдама павильонында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.
«Полицейлер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Павильон ішінен ер азаматтың мәйіті табылды. Болжам бойынша ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам. Оның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Ведомство дерегінше, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram