Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмолалықтан екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару табылды
Ақмола облысы тұрғынан екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару табылды.
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
19:18 18.03.2024
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1941 жылғы Шпагин тапанша - пулеметін Біржан сал аудандық ПБ Криминалды полиция бөлімнің қызметкерлері «Қоғамдық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Заураловка ауылының тұрғынынан алған.
Тұрғынның сөзінше, ол қаруды жазда даладан тауып алған. Қарудың құрамдас бөліктері жоқ және оқ атуға жарамсыз. Алайда, пулемет тапаншасында атыс қаруының негізгі бөліктері бар, сол себепті оны мақсатына сай қолдануға болады.
«Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, сот-баллистикалық зерттеуге жіберілді. Сонымен бірге, оның тіркелген немесе тіркелмегені анықталуда. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді ведомстводан.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram