Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынынан мефедронның ірі партиясы табылды
Алматылық полицейлер көлік арқылы есірткіні тасымалдаған есірткі сатушысын қолға түсірді, деп жазады kazinform.
Фото: Polisia.kz
08:05 19.03.2024
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі сатушысын ұстау шарасын «Буран-050» патрульдік экипажаның көмегімен есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Күдікті Toyota Camry көлігімен жолаушы ретінде жүрген.
«Жеке тінту кезінде күдіктіден құрамында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ заты бар 25 бума тәркіленді. Ал көлік ішіндегі орындықтың астынан осыған ұқсас 44 бума табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама жүргізілді, нәтижесінде олардың мефедрон есірткі заты екендігі анықталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ полицияда ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін хабарлады.
«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», - деп хабарлады полицияда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram