Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды
Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскердің орналасқан жері анықталып, алты «келімсек» ұсталды.
Фото: Абай облысы ПД
10:25 19.03.2024
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
«Акция шеңберінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 5 қылмыскердің орналасқан жерін анықтап, «келімсек» ретінде есепте тұрған 6 адамды ұстады», - деді ведомстводан.
Жалпы, акция барысында 2,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның 1,1 мыңнан астамы қоғамдық тәртіпті сақтау және 1,5 мыңнан астамы жол қауіпсіздігі бойынша заң бұзушылықтар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!