Алматы әкімдігі крематорий құрылысын жүргізген мердігерді сотқа берді
Алматы әкімдігі крематорий құрылысын белгіленген мерзімде және толық аяқтамағаны үшін мердігер компанияны сотқа берді.
Фото: Pexels
12:35 19.03.2024
Алматы әкімдігінің мәліметінше, мердігер жұмысты белгіленген мерзімде аяқтаған жоқ. Шартта көрсетілген талаптар орындалмады, деп жазады kazinform. Егер нысанның бекітілген қабылдау актісі болмаса, оның жұмыс істеуіне жол берілмейді.
«Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына және онда көрсетілген міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жауапсыз қатысушы деп тану және жергілікті бюджетке тұрақсыздық айыбын өндіру туралы арыз берілді», - деп хабарлады әкімдіктен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары