{metadescription}
Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Грекияға аттанады

Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Грекияға аттанады

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары толық құрамда жиналды.

Ел құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Грекияға қарсы ойынға 19 наурызда аттанады. Оқу-жаттығу жиынына соңғы болып Ресейдің «Зенит» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп қосылды.

Қорғаушы 2018 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін 30 кездесуге қатысты. Әзірге қарсыластар қақпасына гол соға алған жоқ. Оқу-жаттығу жиыны аясында қазақстандық футболшылар Түрікменстанмен өткен жолдастық кездесуде қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Кейіннен оқу-жаттығу жиынына Бактиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов қосылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде