Алматы облысында үш жасар қызды әуеден де, су астынан да іздеп таба алмай жатыр
Алматы облысында үш жасар баланы іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.
16:39 19.03.2024
Кеше Алматы облысының Куш ауылында 3 жасар қыз баланың жоғалғанын хабарлаған. 17 наурыз сағат 21:44-те Алматы облысы құтұқару қызметіне Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Куш ауылының маңында 2021 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
Ол сол күні 16:30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып кеткен, деп жазады kazinform. Іздеу орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмысына 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер бетінен іздеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары