Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Адамдар зардап шеккен жоқ: Маңғыстауда газ құбыры желісіндегі өрттің жайы белгілі болды
Маңғыстауда магистралды газ құбырында орын алған өрттің шығу себебіне қатысты жауапты тарап пікір білдірді.
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform
16:49 19.03.2024
Кеше түнде өңірдегі Бейнеу ауданында «Орталық Азия – Орта магистралды газ құбыры» желісінде жарылыс оқиғасы орын алған болатын. Аталған жағдайға қатысты «Қазақгаз» АҚ жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп жазады kazinform.
«18 наурызда шамамен кешкі сағат 23.00-де «Орталық Азия – Орта магистралды газ құбыры» лупингінің күзетілетін аймағының конденсат жинағышы желісінде газ ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты. Сағат 23:13-де келісім бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі тілсіз жауды толық сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Газ тасымалдау нысандарына залал келмеген. Сонымен қатар мұнда жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр», - деп жазылған «Қазақгаз» АҚ таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram