{metadescription}
Семейде полицейді пышақтаған күдіктінің ісі қай баптар бойынша тергеліп жатыр

Семейде полицейді пышақтаған күдіктінің ісі қай баптар бойынша тергеліп жатыр

ҚР Ішкі істер министрлігі Семейде полиция қызметкерін пышақтаған күдіктінің ісін тергеу амалдарына қатысты түсінік берді.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабының 1-бөлігі (Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қауіп төндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында, тиісті тергеу іс-қимылдары атқарылып жатыр. Заңға сәйкес іске қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 

Сонымен қатар, аталған күдікті адамның қызды аңдып жүруі фактісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабындағы қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша хаттама толтырылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде