{metadescription}
Алматыда бір мезетте екі бригада адамның үш мүшесіне бірегей ота жасады

Алматыда бір мезетте екі бригада адамның үш мүшесіне бірегей ота жасады

Алматыда №2 балалар клиникалық ауруханасында Қонаев қаласының тұрғыны Адинаға бір мезетте 2 дәрігерлер бригадасы бірегей операция іске асырылды.

Тоғыз жастағы Адинаға бір мезетте екі дәрігерлер бригадасы, яғни микрохирургтар мен ортопедиялық травматологтар тобы ота жасады. Бұл ерекше оқиға: қызға наркоз салынған уақытта аяққа, қолға және мойын сүйегіне үш бірдей ота жүзеге асырылды.

Науқасқа «оң жақ гемипарез, церебральды сал ауруы» диагноз қойылған. 2023 жылғы 13 қаңтарда №2 ҚБКА-да науқасқа әйгілі Берлин клиникасының профессоры Шарите-Ульрих-Вильгельм Томаленің қатысуымен нейрохирургия бойынша шеберлік дәрісі шеңберінде бірегей ота жасалған. Содан кейін мидың сол жақ жарты шарына ота жасалып,жағдайы жақсара бастап, дірілі тоқтады. Адинаның сауығу жолындағы келесі қадам – ресейлік-қазақстандық ортопедтер бір күн бұрын жасаған ота. 

«Төрт күн бұрын қыз оң иығымен құлап, оң жақ бұғанасының ортаңғы үштен бір бөлігі сынған. Тексеруден кейін екі дәрігер тобы бір уақытта аяққа, бұғанаға, жіліншікке және саусаққабірлескен «симультантты» ота жасады, - дейді Алматы №2 ҚБКА травматолог дәрігері Ұлжан Солтанбекова.

Қазір Адинаның жағдайы жақсы, тәуір болып қалды.

Сондай-ақ ауыр патологиясы бар 8 кішкентай балаларға да ота жасалды. Бірнеше артрогриппоз; аяқтың кавус деформациясы; Шарко – Мари ауруы; атипті маймақтық, рецидив, ОНМК салдары; сол жақ гемипарез; сол жақ аяқтың вальгусы; оң қолдың деформациясы бар балалар.

Айта кетсек, Алматының №2 №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында белгілі ресейлік хирургтар Максим Вавилов пен Тимур Торноның бірігіп «Микрохирургия арқылы аяқ-қолдың туа біткен және жүре пайда болған ақауларын жедел емдеу» атты шеберлік-класы өтті. Оған Алматы, Талдықорған және Бішкектен 15 маман қатысып, біліктілігін арттырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде