{metadescription}
Алматыда 17 жастағы жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты

Алматыда 17 жастағы жүргізушінің кесірінен 4 көлік соқтығысты

Алматының Әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болып, 4 көлік соқтығысты, деп хабарлайды kazinform.

Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурыз кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған.

«Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.