Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Асырап алған жеткіншектерді көбіне туыстары балалар үйіне қайтарады
Асырап алған жасөспірімдерді көбіне туыстары қайтадан балалар үйіне тапсырып жатады.
Фото: primeminister.kz
11:44 20.03.2024
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті.
«Қазақстанда бала асырап алғысы келетіндер саны жыл сайын көбейіп келеді. Бірақ асырап алынған жеткіншектерді балалар үйіне қайтару көрсеткіші азаймай тұр. Мәселен, кейінгі 5 жылда қайтарылған балалар саны 64 пайызға өсті. 2020 жылы 160 бала, 2021 жылы – 197, ал 2022 жылы 217 жеткіншекті балалар үйіне қайтарған. Осы көрсеткіштің өсуіне не себеп?», - деп сұрады Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов.
Өз кезегінде вице-министр Е. Оспан аталған деректерді растады.
«Бала асырап алушылардың кейбірінің біраз уақыттан кейін жеткіншектерді балалар үйіне қайтару фактілері бар. Бұл көрсеткіштің өскенін растаймыз. Бұл мәселеге жасалған талдауға тоқталсақ, негізінен балаларды туыстары асырап алған жағдайда, қайтару оқиғалары болып жатады. 13-18 жас аралығында сол жасөспірімдерді көбіне туыстары қайтадан балалар үйіне тапсырады. Атап айтқанда, қазір Парламент Мәжілісінің қарауында балалардың құқығын қорғау туралы заң бар. Осы құжат аясында кәсіби асырап алушы отбасы институты енгізіліп жатыр. Бұл институт мәселені шешуге септігін тигізеді деп ойламыз, себебі көбіне балаларды асырап алған кәсіби отбасыларда жеткіншектер тұрақты түрде қалып жатқанын байқадық. Сол заң бойынша кез келген бала асырап алушыға арнайы тәжірибесі бар балаларды қолдау орталығының маманы көмек жасайды», - деді Еділ Оспан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram