{metadescription}
Қуандық Бишімбаевқа түрмеде айрықша жағдай жасалған ба – ІІМ жауабы

Қуандық Бишімбаевқа түрмеде айрықша жағдай жасалған ба – ІІМ жауабы

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қуандық Бишімбаевтың тергеу изоляторында қандай жағдайда отырғанын айтты, деп жазады kazinform.

«Әрине, ешкімде де айрықша жағдай жоқ. Барлығы да заңнамаға сәйкес отыр», - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы ретте тілшілер күдіктінің бір адамдық не жалпы камерада отырғанын сұраған еді.

«Бәрімен бірге отыр. Бізде түрмелер камералық үлгіде. Онда адамдар отыр, камералар әртүрлі», - деді ол.

Сонымен қатар ол Қуандық Бишімбаевқа айрықша жағдай жасалмағанын баса айтты.

«Жалпы камерада отыр, қасында камераластары бар. Бәрі заң бойынша. Маған сеніңіздер, ешқандай артықшылығы жоқ. Бәрін бақылап отырмын», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде