{metadescription}
Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 6 адамды алып шықты

Павлодарлық өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 6 адамды алып шықты

Оның үшеуі - бала. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін сағат 14:15–те Павлодардағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Жедел құтқару жасағы пәтер терезесінің металл торларын бұзып, сол жерден 2 ересек адамды құтқарды, сондай-ақ 3 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. 8 адам өз бетінше далаға шығып үлгерген. Орнатылған автосаты бойынша 5-қабаттан бір қыз құтқарылды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Өрт сағат 14:39–да сөндірілген, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін жеке құрамның 25 адамы және 9 техникасы, сондай-ақ ЖҚЖ және АМО қызметкерлері жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.