Алматы облысында су тасыды
2024 жылғы 21 наурызда сағат 21:00 шамасында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Кеген-Нарынкөл тас жолының 60 км (40 м) және 72 км (40 м) (Қайнар және Текес ауылы, Райымбек ауданы, IV санат) жол бөлігінде су тасқыны орын алды.
Фото: Катонқарағай ауданы әкімінің жеке парақшасы
10:12 22.03.2024
«ҚазАвтоЖол» мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы су ағынының ұзындығы 80 м, ал биіктігі 10 см құрады. Көрсетілген учаскеге диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орнатылды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.
«Қазіргі таңда еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жол қозғалысына шектеулер жоқ», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!