{metadescription}
Семейде Наурыз мейрамына орай «Наурыз керуені» ұйымдастырылды

Семейде Наурыз мейрамына орай «Наурыз керуені» ұйымдастырылды

Бүгін Семей қаласында Әз Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Төрлет Әз-Наурыз» іс-шарасы өтіп жатыр.

Мерекелік бағдарламаны Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары тамашалауда.

«Табиғат ананың оянуы» деп аталатын күндізгі мерекелік бағдарлама өз жалғасын табуда. Биыл Наурыз мейрамында ерекше көзге түскен «Наурыз керуені» шеруі болды. Мерекелік шеруде түйе, оннан астам жылқы, жеті қазынаның бірі саналатын қыран бүркіт, құмай тазы және ұлттық киім киген 100 - ден астам адам керуенге қатысты.

Орталық алаңдағы концертті тамашалауға 8000-нан астам адам жиналды. Әр киіз үйде еліміздегі тарихи тұлғалардың мерейтойларына құрылған импровизацияланған көрмелер ұйымдастырылған. Сондай-ақ, әр ауылда қазақ ұлтының салт-дәстүрінен қойылымдар көрсетіліп, сайыстар өтуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде