Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сағат 11-14-те жер сілкінісін тіркеді.
11:46 01.04.2024
Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2.
MPV магнитудасы – 5.3. Эпицентрдің координаттары – 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б.
Тереңдігі – 25 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке к. 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!