{metadescription}
«Алматы-Өскемен» тасжолында көлік көпірден құлап, ер адам көз жұмды

«Алматы-Өскемен» тасжолында көлік көпірден құлап, ер адам көз жұмды

Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік көпірден құлап, 23 жастағы ер адам мерт болды.

Жол-көлік оқиғасы «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысына қарасты аумағында тіркелген. Жолдың 976 шақырымында келе жатқан «Lada Kalina» маркалы автокөлігі көпірден құлап кеткен.

«Ер адам рульді басқара алмай қалып, металл қоршауларға соқтығысып, көпірден құлады. 23 жастағы жүргізуші сол жерде қаза болды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте полицейлер жүргізушілерден жол ережесін сақтауға, жолда барынша абай болуға шақырды.

Дереккөз: Kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.