Қызылордада білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылды
Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактілерімен лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform
16:03 01.04.2024
Бұл туралы Қызылорда қаласының прокуратурасы мәлімдеді.
«Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы 2022-2023жж. аралығында 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрық қабылдаған. Сонымен қатар Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасарымен қала аумағында 40 жаяу жүргіншілер проекторларын орнату бойынша орындалмаған жұмыстар қабылданып, 27 млн. қаражат негізсіз аударылған», - делінген хабарламада.
Қадағалау актілерін қарау нәтижесінде білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылса, бөлім басшысының орынбасары «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары