{metadescription}
Өскеменде екі жасөспірімге иіс тиді

Өскеменде екі жасөспірімге иіс тиді

Өскемен қаласында пеш мұржасының уақытылы тазаланбауы салдарынан иіс тиген екі жасөспірім ауруханаға түсті.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 сәуірде Өскемендегі Шығыс кентінде болған. 

«Жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелерінің бұзылуынан, нақты айтқанда, мұржаның уақытылы тазаланбауынан 16 және 15 жастағы екі жасөспірімге иіс тиді. Олар шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындардан пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. 

Дереккөз: Kazinform
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде