Екібастұзда ферроқорытпа, болат және темір өндіру зауыттары салынады
Екібастұзда ферроқорытпа, болат және темір өндіру зауыттары салынады.
Фото: lib-ekb.kz
12:29 02.04.2024
Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
«Екібастұзды дамыту 3 ірі бағытқа жүргізіледі. Олар – энергетика, металлургия және темір жол өнімдерін өндіру кластерлері. Энергетика саласын дамыту - Екібастұз ГРЭС-терінің қуаттылығын арттырумен байланысты. Металлургия саласында Индустриалды аймақ құру туралы шешім қабылданып, серіктес ретінде «Mineral Product» кәсіпорны тартылды. Бұл жерде ферроқорытпа, болат және темір өндіру зауыттары салынады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, аталған зауыттардың құрылысы кезінде 800 жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде 4 мың жұмыс орны ашылады. Оған 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылады. Бұл салада іске қосылатын басқа да жобаның есебінен 1 200 жұмыс орны құрылады.
«Темір жол кластерін құру аясында «RailCast Systems» компаниясының «локомативтерге арналған бандаждар өнірісі» жобасы басталды. 75 миллиард теңге инвестиция тартылып, 700 жұмыс орны ашылады», - деді Қанат Шарлапаев.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!