ШҚО-да сәбиімен жолда қалған әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысында жолда қалған анасы мен сәбиі тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
16:15 02.04.2024
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін санавиация дәрігерлері Абай облысы аумағында қалып қалған жас ана мен сәбиін Өскемендегі ауруханаға жеткізді.
Тарбағатай ауданының 21 жастағы тұрғыны Өскемен қаласынан таксимен жолға шыққан. Алайда су деңгейі көтеріліп, жол жабылғандықтан Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылында қалып қойған. Өзін жайсыз сезініп, денсаулығына алаңдағандықтан дәрігерлерге жүгінген.
«Таңғы уақытта анасы мен баласы тікұшақпен Өскеменге жеткізіліп, облыстық аурухананың гинекология бөліміне жатқызылды. Ал сәби Ана мен бала орталығында дәрігерлер бақылауында. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!