Футболдан «Шахтер» командасының бас бапкері қызметінен кетті
Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті.
Фото: shakhterfc
18:09 02.04.2024
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Игорь Солошенко 1996-2013 жылдарда кәсіби футболда қазақстандық «Шахтер», «Жеңіс», «Тобыл», «Ертіс», «Оқжетпес», «Ақжайық» командаларында қорғаушы міндетін атқарды.
Ұлттық құрама сапында 1998-2005 жылдарда ел намысын қорғады. 2015 жылдан бері «Шахтер» сапында спорт директоры қызметін атқарса, одан кейін бапкер болды. 2020-2023 жылдарда «Шахтер-Болат» клубында бас бапкер қызметінде еңбек етті.
Өткен жылдан бері «Шахтердің» тізгінін ұстады. Былтыр ел біріншілігінде команда 11-орынға тұрақтап, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Биыл қарағандылық клуб 3 турдан кейін бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмай, турнир кестесінде ең соңғы орынды місе тұтып тұр. Енді қарағандылық ұжымның бас бапкері міндетін Андрей Финонченко атқарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!