{metadescription}
Ақтөбе қаласының қақ ортасымен өтетін Сазды өзені көтеріліп жатыр

Ақтөбе қаласының қақ ортасымен өтетін Сазды өзені көтеріліп жатыр

Ақтөбе қаласының орталығы арқылы өтетін Сазды өзені тағы көтерілді. Өзен бойындағы саяжай тұрғындарына көшу ұсынылды.

Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов күн жылынып, өзен сулары көтерілгенін мәлімдеді.

«Сазды және Жіңішке өзендерінде су деңгейінің көтерілгені байқалды. Осыған орай департаменттің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жоғары дайындыққа келтірілді. Аталған өзен жағалауына жақын орналасқан үйлердің тұрғындары су басу қаупі күрделенген жағдайда 112 және 109 желісіне хабарласуларыңыз сұралады», - дедіол. 

Ал Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет Сазды өзенінің Елек өзеніне құятын тұсындағы бау-бақша ұжымы тұрғындарын эвакуациялауға шешім қабылдады, деп жазады kazinform.

«Вохр, Махамбет бау-бақша ұжымдарына қауіп бар. Сондықтан жағалауды топырақпен көтеріп, бекіту жұмыстарын жасап жатырмыз. Ал мұндай жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі жоқ бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялап жатырмыз. АЗХС-2 бау-бақша ұжымынан 25 адам мектепке эвакуацияланды», - деп бейнеүндеу таратты қала әкімі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.