{metadescription}
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза болды

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза болды

Жол апаты Самара-Шымкент тасжолының Маржанбұлақ ауылы маңында болды. Онда 8 шетелдік көз жұмды.

Самара-Шымкент тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard көлігі соқтығысты.

«Апат салдарынан минивеннің жүргізушісі мен 7 жолаушысы қаза тапты. Барлығы да Өзбекстан Республикасының азаматтары. Болжам бойынша қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған, салдарынан жүргізуші көліктің бағытын бақылай алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД-нің ЖПҚБ бастығы Айдос Құлжанов.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде