{metadescription}
ҰҚК қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттер туралы ескертті

ҰҚК қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттер туралы ескертті

Қазақстанда қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып жүрген телефон алаяқтарының әрекеттері жиілеп кетті.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, қаскүнемдер ақшаны заңсыз иемдену мақсатында азаматтардан қаржылық операцияларды жүргізуге қатысты көмек сұрайды.

«ҰҚК өкілдерінің қызметтік міндеттерін орындау аясында азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін хабарлаймыз», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпаратында

Сондықтан күдік тудыратын телефон қоңыраулары мен хабарламалар, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы хаттар келіп түскен  кезде полиция органдарына жүгіну керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде