Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінде екі бүлдіршіннің мәйіті табылды.
15:08 05.04.2024
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!