Каспий теңізіне балық аулауға шыққан екі азамат із-түзсіз жоғалды
Маңғыстау облысында Каспий теңізіне балық аулауға шыққан екі адам жоғалып кетті.
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД
18:20 05.04.2024
Аталған оқиға екі бұрын болған. Өңірге қарасты Түпқараған ауданының екі тұрғыны Форт Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай ашық теңізге қайықпен шыққан күйі қайтып оралмаған.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Пірімжан Дінмұхаммедтің айтуынша, қазіргі кезде екі азаматты іздеудің кешенді жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«3 сәуір күні сағат таңғы 07:40 шамасында Түпқараған ауданының орталығы Форт Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай Үрдек (Асан) теңіз жағасынан шамамен 25-30 шақырым қашықтықта 1985 және 1982 жылы туған 2 ер адам шыққан. Екі азамат ашық теңізге түнгі 22 сағат 30 минут шамасында үрлемелі қайықпен балық аулауға кетіп оралманы туралы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. Ақпаратқа сәйкес екі азаматта балық аулау торы болған. Шақырту түскен сәттен бастап іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, жүргізіліп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Бүгінгі күні іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 13 адам, 4 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралы, 1 бірлік ұшқышсыз ұшу аппараты, ҰҚК Шекара қызметінен 21 әскери қызметкер, 1 кеме, «Қазавиақұтқару» АҚ 3 адам, 1 бірлік Ми-8 тік ұшағы жұмылдырылды», - деді Пірімжан Дінмұхаммед.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!