Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Президент Қазақстан халқына үндеу жасайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайтыны туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы мәлім етті.
Фото: akorda.kz
12:18 06.04.2024
Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!