Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына барды
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов таңертең Қостанай облысына келді.
Фото: ҚР ТЖМ
14:06 06.04.2024
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Белгілі болғандай сапардың міндеті — су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жұмысты үйлестіру.
Кеше Тобыл өзені деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты Тобыл және Қостанай қалаларының елді мекендерін су басу қаупі туындады. Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірлесіп эвакуациялық пункттерді, су басқан аула учаскелерін және Қостанай ауданындағы корей көпіріндегі бөгеттерді аралады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары