Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Air Astana Алматыдан Атырауға қосымша рейстер ашты
Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты қабылданып отыр. Аталған бағыт бойынша сұраныстың артқаны байқалады.
Фото: Александр Залесский
14:34 08.04.2024
«9 сәуірде Air Astana әуе компаниясы KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін Алматыдан Атырауға және кері қарай Airbus A321 ұшағымен жүзеге асырады. Ұшақтың сыйымдылығы - 179 орын. Алматыдан Атырауға ұшатын рейс сағат 17:00-ге жоспарланған. Кері рейс – сағат 21:15-те», - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Әуе билеттерін авиакомпанияның сайтында, Air Astana қосымшасында немесе брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.
Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайтынын қоса хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram