Атыраудың Жылыой ауданынан эвакуацияланған халық саны 31 мыңнан асты
Атырау облысындағы Жылыой ауданынан қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындар саны 31 мыңнан асты.
16:37 08.04.2024
Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.
«Жылыой ауданынан 5 сәуірден бері 31 009 адам эвакуацияланды. Оның ішінде Маңғыстау облысына 20821 адам көшірілді. Ал, Теңіз кен орнындағы вахталық кентте дайындалған жатақханаларға 7445 адам орналастырылды. Атырау қаласына 2743 адам келді», - деп хабарлады облыстық жедел штабтан.
Сондай-ақ, 274 адамның кейбірі уақытша эвакуациялық пунктерге, кейбірі туысқандарының үйіне баруға шешім қабылдаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!