Салтанаттың өлімінде өз кінәм бар екенін мойындаймын — Бишімбаев
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев сот пен айыптаушылар сұрағына жауап берді.
Фото: Верховный Суд Республики Казахстан
17:04 08.04.2024
«Бүкіл тараптар жауап алғаннан кейін қинау эпизоды бойынша ұстанымыңыз өзгерді ме?», — деп сұрақ қойды судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевқа.
«Жоқ, кінәні мойындамаймын, мен Салтанатты ешқашан қинаған емеспін», — деп жауап берді сотталушы.
Сонымен бірге, Қ. Бишімбаев аса қатыгездікпен адам өлтіру эпизодына да пікірін білдірді.
«Мен асқан қатігездікпен қасақана адам өлтіру кінәсін мойындамаймын, бірақ оның өлімінде өз кінәм бар екенін мойындаймын. Менің әрекеттерім оның өліміне себеп болды, ол үшін қатты өкінемін. Бірақ оны қасақана өлтіргісі келді, азаптады деген айыптармен келісе алмаймын. Иә, ұрдым, иә, соққы жасадым — бірақ оны өлтіру мақсатымен емес, мұндай салдар болады деп мүлде ойламадым», — деді ол.
Сотталушы Салтанаттың Нүкенованың бетінен ұрғанын, бас сүйек-ми зақымы болады деп ойламағанын айтты.
Айта кетейік, сот отырысында Салтанат Нүкенованың немере әпкелерінен, құрбысынан және басқа да куәгерлерден жауап алу жоспарланған.
Содан кейін аса ауыр қылмысты жасыру және аса ауыр қылмыс жөнінде хабарламау фактісі бойынша айып тағылған Б. Байжанов жауап береді.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!