{metadescription}
Мозамбик жағалауында кеме апатқа ұшырап, 91 адам қаза тапты

Мозамбик жағалауында кеме апатқа ұшырап, 91 адам қаза тапты

Мозамбикте балықшылар кемесі тиелген жүктің шамадан тыс артық болуы салдарынан суға батып, кем дегенде 91 адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Олардың айтуынша, кемеде 130 адам болған. Кемеге шамадан тыс жүк тиеліп, жолаушыларды тасымалдауға жарамсыз болған, деп хабарлады Нампула провинциясы мемлекеттік хатшысы.

Оның айтуынша, кемеде тырысқақ эпидемиясының таралуы туралы жалған ақпарат салдарынан дүрбелең басталған, жолаушылардың көпшілігі жағаға шығуға тырысқан.

Мемлекеттік хатшының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында бірнеше бала бар. Құтқарушылар аман қалған бес адамды тапты, оның екеуі ауруханаға жеткізілді. Кеменің апатқа ұшырау себебін анықтау үшін тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.