{metadescription}
Жетісу өңірінде 170 миллионның жері мемлекетке қайтарылды

Жетісу өңірінде 170 миллионның жері мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында 170 миллион теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 12 сәуірінде Панфилов ауданында жалпы көлемі 155 гектар болатын 114 жер учаскесі мемлекеттік жер қорына қайтарылғаны хабарланды.

"Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады”, - дейді Жетісу облысының прокуратурасы.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде