{metadescription}
Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық жүк тасымалын реттеудің онлайн жүйесін енгізді

Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық жүк тасымалын реттеудің онлайн жүйесін енгізді

Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық жүк тасымалына берілетін рұқсат құжаттарын алмасудың электрондық жүйесін енгізді, деп хабарлайды Kazinform.

Өзбекстан Көлік министрлігінің мәліметінше, елдер арасындағы жүк тасымалы процесін оңтайландыру мақсатында рұқсат бланкілерімен алмасатын «E-Permit» электрондық жүйесі іске қосылды. 

«E-Permit» жүйесін қолдану арқылы алғаш рет квоталармен алмасу процесі жүзеге асып, жүк көліктері «Яллама» кеден бекетінен өтті. Бұл жүйені «Цифрлық көлік» орталығының мамандары пилоттық режимде сәтті іске қосты», - деп мәлім етті ӨР Көлік министрлігінен.

Сондай-ақ ведомство екі ел арасындағы жүк тасымалына қолайлы жағдай жасау үшін алдағы уақытта да заманауи цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде