{metadescription}
Елдегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер жарияланды

Елдегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер жарияланды

Президент тапсырмасымен Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын қайта қарайды. Құжатқа су тасқынының алдын алу және оның шығындарын азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар қосылады. 

«Қазіргі уақытта Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100% толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Бірақ, Жабай өзенінің реттелмейтін ағынының артуына байланысты Атбасарда су тасқыны жалғасып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы, су тасқыны жалғасып жатыр. Екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, бұзылу қаупі жоқ. Су тораптары көпфакторлы тексеруден өтті, техникалық жағдайы қанағаттанарлық», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1 243 см, бір тәулікте ол 103 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинауы – 74%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші – 80%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 89%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 тамыз

29 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде